Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов тарих пәнін оқытуда қандай өзгерістер болатынын айтты

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында елімізде тарих пәнін оқытуда қандай өзгерістер болатынын хабарлады.

Аймағамбетовтің жазуынша, бұған дейін Петропавлда тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткен. Съезге 300-ден астам тарих пәнінің мұғалімі мен тарихшылар, әдіскерлер және ғылыми-зерттеу институттары мен бірқатар жоғары оқу орнының басшылары қатысқан.

"Съезге қатысушылар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жетілдіру, сонымен бірге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, жоғары оқу орындарында тарих пәні мұғалімдерін даярлау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін жан-жақты және ашық талқылады", - дейді министр.

Аймағамбетовтің сөзінше, жиында келесідей нақты шешімдер қабылданған:

  • Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады.
  • Жоғары оқу орындарында қазіргі "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының" орнына "Қазақстан тарихы" пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.
  • Енді ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мектепте сабақ бере алады.
  • Бағалау бойынша өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.
  • Петропавлда Ә. Марғұлан атындағы Трхеология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ҒЗИ филиалдары ашылып жатыр. Бұл институттар осы өңірлерде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965198-asxat-aimagambetov-mektepter-men-zoo-da-tarix-panin-oqytuda-qandai-ozgerister-bolatynyn-aitty/