jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Нұр-Сұлтанда жылу беру қашан тоқтатылатыны белгілі болды

Жылу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында күн райының жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, астанада ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде, бес күн ішінде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады.

"Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім әлеуметтік нысандарға қатысты емес", - дейді әкімдіктен.

Айта кетейік, Алматыда жылыту маусымы 5 сәуірде аяқталған еді.

Нұр-Сұлтанда жылу беру қашан тоқтатылатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.