jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Бақытжан Позилов
Бақытжан Позилов. Фото: Facebook/Бақытжан Позилов

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақытжан Позилов қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш берген. Оған отбасылық жағдай себеп болған.

"Жақындарым мен өзімнің денсаулығым аса көңіл бөлуді қажет етеді. Соңғы бірнеше айда мен денсаулық жағдайыма байланысты бірнеше рет еңбек демалысына және жалақысы сақталмайтын демалысқа шықтым. Ал басқарма басшысы қызметі үнемі жұмыс орнында болуды және жедел түрде әр түрлі мәселелерді шешуді талап етеді. Сондықтан мен осындай шешім қабылдадам", - дейді ол.

Сөз соңында Бақытжан Позилов қала басшылығына сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ әріптестеріне коронавируспен күрес жолында аянбай еңбек еткені үшін, жалпы командалық жұмыс үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, Бақытжан Позилов Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2020 жылдың қазан айында тағайындалған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.