Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биылғы мектеп бітіру кешінде қандай шараларға рұқсат етілмейді

Опубликовано:

түлектер
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты түлектердің мектеп бітіру кеші офлайн форматта өтеді. Осы орайда Білім және ғылым министрілігі ресми сайтында биылғы мектеп бітіру кешінде қандай шараларға рұқсат етілмейтінін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, мектеп бітіру кеші білім беру ұйымының өз күшімен ұйымдастырылуы керек және бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс.

Ал мектеп бітіру кешінде мынандай шараларға рұқсат етілмейді:

  • аниматорларды, мерекелік шара ұйымдастыратын агенттіктерді, ақылы әртістерді, жеке студияларды тартуға;
  • мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
  • автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
  • ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады.

"Жоғары сынып оқушылары мектеп бітіру кешін асыға күтетіні белгілі, өйткені бұл өмірдің жаңа кезеңін білдіреді. Соңғы екі жылда коронавирус індеті мектеп пен ұстаздардың дәстүрлі қоштасу кешін өткізуін тоқтатып тастады. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай мұндай кешті өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ кештің барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек.

Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім басқармалары түлектердің ата-аналарына бұл іс-шараларға шығындалудың тиімсіз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл сұрақ - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі", - дейді ҚР БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова.

Айта кетейік, мектеп бітіру кешіне мектептің педагогикалық ұжымы, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалар қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966404-biylgy-mektep-bitiru-kesinde-qandai-saralarga-ruqsat-etilmeidi/

pixel