Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

Сот Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді 1 айға қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Алматы тергеу соты ресми Facebook парақшасында.

"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді", - делінген хабарламада.

Ал адвокат Мұрат Әмитов өз Facebook парақшасында Қайрат Құдайбергенге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін қабылданғанын мәлімдеді.

"Бүгін тергеу соты Қайрат Құдайбергенге күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 1 ай мерзімге "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп жазды ол.

Әмитов санкциялық материалға қажетті дәлелдер енгізілмегенін де жеткізді.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын пайда болған еді.

Көп ұзамай Алматы прокуратурасы аталған мәліметті растады. Кәсіпкер қаңтар айында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966544-qairat-qudaibergen-bir-aiga-qamauga-alyndy/

pixel