Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда көз жұмған Қазақстан азаматының денесі Шымкентке жеткізілді

Опубликовано:

Батыр Оспановтың денесі Шымкентке жеткізілді
Скриншот: Instagram/korea_komek

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында көз жұмған қазақстандық Батыр Оспановтың денесі елге жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Корея көмек" қорының жетекшісі Самат Ахметов хабарлады.

"28 сәуір күні Оңтүстік Кореяда қайтыс болған марқұм Батыр Оспановтың денесі Шымкентке жеткізілді", - деді ол.

Айта кетелік, Батыр Оспанов 2018 жылдан бері Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек мигранты ретінде жұмыс істеген. Оның денесін полицейлер жалдамалы пәтерден тапты.

Марқұмның денесіне жүргізілген сараптама барысында Батыр 16 сәуірде қайтыс болды деген болжам жасалды. Қазақстандықтың денесін елге алып келу үшін 3 жарым миллион теңге жиналған.

Ал Отырар арнасына сұхбат берген Батырдың жұбайы Замира Оспанова оның өліміне анасының қазасы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Біз онымен байланысты үзген емеспіз. Анасының жағдайы нашарлап жатқанын айтып отырдық. Ол қатты уайымдады. Ал анасы өмірден өткенін хабарлағанда жүрегі шыдамаған болуы керек. Бұл ауыр жағдайды көтере алмады", - дейді марқұмның жұбайы Замира.

Батыр Оспановтың артында әйелі, 14 жасар ұлы мен 12 жасар қызы қалды.

Еске салсақ, бұған дейін "Корея көмек" қорының жетекшісі Самат Ахметов 2019 жылы қайтыс болған бойжеткеннің мәйітін елге қайтару үшін марқұмның жақындарына көмек көрсеткені туралы айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967439-ontustik-koreyada-koz-zumgan-qazaqstan-azamatynyn-denesi-symkentke-zetkizildi/

pixel