Әскерге кетіп 10 күннен соң көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысында әскер қатарына қосылғаннан кейін 10 күннен соң қайтыс болған Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

"Күдікті бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді.Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (Қылмыстық кодекстің 440-бабы 4-бөлігі)", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейін іс жүргізу жалғасуда.

Еске сала кетсек, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуір күні Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмған еді.

Марқұмның отбасы мен жақындарына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырған болатын.

Кейін 18 жастағы жігіттің жеңгесі KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, сарбаз өлімінде шикілік барын айтқан еді.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың денесі неліктен көгеріп қалғанын түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967859-askerge-ketip-10-kunnen-son-koz-zumgan-sarbaz-alibek-qalbaidyn-olimi-boiynsa-kudikti-ustaldy/

jitsu gif