Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент әскерде қаза болған маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

Мемлекет басшысы осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

Айта кетейік, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуір күні Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмған еді.

Кейін 18 жастағы жігіттің жеңгесі KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, сарбаз өлімінде шикілік барын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966652-beibit-kunde-askerdegi-sarbaz-qaza-bolmauga-tiis-prezident-gvardeisk-qalasygynda-qaitys-bolgan-sarbazdyn-tuystaryna-konil-aitty/

pixel