Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде кем дегенде 1 145 000 отбасы қиын жағдайда өмір сүруде

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Елімізде кем дегенде 1 145 000 отбасы қиын жағдайда өмір сүруде. Бұл туралы "Отбасы істері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің" төрайымы Динара Закиева баспасөз алаңында хабарлады. Айтуынша, мемлекет берген мүмкіндікті қолдана отырып, бұл отбасылардың барлығын қиын жағдайдан құтқаруға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әлеуметтік, медициналық көмектің бар екенін білмейтін отбасылар жетерлік. Алдыңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласында 12 жастағы ұл баланың ешқашан мектепке бармағанын білдік. Оның білімге қатысты ерекше қажеттіліктері болуы мүмкін. Диагнозы белгіленбеген. Енді ғана тексерістен өтпекші. Өте қиын жағдайда өмір сүруде. Бұл - бір ғана мысал", - дейді Динара Зәкиева.

"Елімізде кем дегенде 1 145 000 отбасы қиын жағдайда өмір сүруде. Олардың барлығымен жұмыс жүргізу қажет. Өмірлік қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды мемлекет те барынша қолдайды", - деп атап өтті кеңес төрайымы.

Сонымен қатар, "Абилитация”"ұғымының заңды түрде енгізілгені айтылды.

"Балалардың мүгедектігін ерте анықтау арқылы реабилитация нәтижесін тезірек көруге болады", - дейді Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы, "Отбасы істері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің" мүшесі Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды қалыпты өмірге бейімдеу үшін бірқатар жұмыстар жоспарда бар екендігі айтылды. Солардың бірі - оңалту орталықтарын ашу және қолжетімді ету.

Елнұр Сабыржанұлы Елбасы жанындағы қормен бірге бұл мәселе өз шешімін тауып келе жатқанын жеткізді.

Сағыныш Әлімбаева, Нұр-Сұлтан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967954-elimizde-kem-degende-1-145-000-otbasy-qiyn-zagdaida-omir-surude/

pixel