Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Бұршақ
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында күші 17-22 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп күтілуде. Сондай-ақ өңірдік оңтүстігі мен батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, 30 м/с асады деп болжануда.

Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, дауыл соғады деп болжануда. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Шымкент қаласында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Найзағай, дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғыпоблыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда, түнде 11 мамырда оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 10-12 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968601-qatty-zanbyr-naizagai-bursaq-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel