Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ол бюджет қаржатын жымқырды деген күдікке ілінді. Істі егжей-тегжейін айта алмаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, бірақ оған біздің де қызметкерлер қатысып жатыр. Олар жедел-тергеу тобының құрамында.

Расында да жымқыру фактісі анықталып отыр. Бүгінде оның іс-әрекеті сараланды. Мұны қадағалаушы прокурор бекітіп отыр. Ол тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды", - дейді Ішкі істер министрі.

Марат Ахметжанов тергеу шараларының жалғасып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар министр ұсталған орынбасардың бұрынғы басшысы да заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінгенін айтты. Оған қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның тұрған жерін анықтауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған шараларды қолға алған.

Сондай-ақ ІІМ басшысының сөзінше, тергеу нұсқасына сәйкес, күдікке ілінген лауазымды полицейлер Павлодар облысы полиция департаментінің қажеттіліктері үшін материалдық-техникалық құралдарды мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны көтеріп жіберген.

"Менде бар ақпаратқа сәйкес, бұл жабдықты сөз байласып жеткізіп отырған бірқатар кәсіпкер ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған", - дейді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969236-pavlodar-oblystyq-policiya-departamenti-bassysynyn-orynbasary-qamauga-alyndy/

pixel