Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: arnapress.kz

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқыру күдігімен ұсталды",- деді ІІМ-де.

Ведомство бірлескен жедел-тергеу тобы құрылғанын, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын да хабарлады.

Аталған ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы бойынша облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады",- деді агенттік өз Telegram арнасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964119-pavlodar-oblystyq-policiya-departamenti-bastygynyn-orynbasary-ustaldy/

pixel