Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Алматыда қатты жауын-шашын, өзге өңірлерде бұршақ, шаңды дауыл күтілуде

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК бүгін еліміздің үш мегаполисі мен өзге облыстарда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 14 мамырда елордада көшпелі бұлт шығып, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 9-14, 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз 23-25 градус аралығында жылы болады.

Алматыда да бүгін көшпелі бұлт шығып, кей уақытта найзағай ойнап, күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан соққан желдің күші 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз 20-22 градус жылы болады.

Шымкентте де бүгін көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 8-13, 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз 22-24 градус аралығында жылы болмақ.

14 мамырда Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20, 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

14 мамырда Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аударында желдің екпіні 15-20, 25 м/с дейін дейін жетіп, күндіз таулы, тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ, күтіледі.

14 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Күндіз таулы аудандарда бұршақ күтіледі.

14 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында да бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

14 мамырда Атырау облысының батысы мен орталығында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының батысы мен оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

14 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында да желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, өңірде шаңды дауыл күтіледі.

Сондай-ақ бүгін Қостанай облысының батысы мен шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрып, желдің күші 15-20, 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

14 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел тұрып, күші 15-20 м/с дейін жетіп, 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі.

14 мамырда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде дауыл тұрып, солтүстігі мен орталығында желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

14 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, жел күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969262-bugin-almatyda-qatty-zauyn-sasyn-ozge-onirlerde-bursaq-sandy-dauyl-kutilude/

pixel