Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозымбаев: Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі

Опубликовано:

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде
Оқиға орнынан фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы өңір басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бозымбаевтың айтуынша, кеше, 15 мамырда Текеліде лай көшкінінен бірнеше жекеменшік тұрғын үйлер бүлінген. Сондай-ақ 2016 жылы туған қыз бала қаза тапқан.

Осы ретте облыс әкімі жасөспірім қыздың қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетілетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, 15 мамыр түс кезінде Алматы облысы Текелі қаласындағы Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, салдарынан бір жеке тұрғын үй қирап, бір үй балшықтың астында қалып, тағы төрт тұрғын үйдің ауласына балшық кіріп, сондай-ақ көшкін Қонаев көшесін басып тастаған еді.

Одан бөлек төтенше жағдай кезінде бес жасар қыз бала жоғалып кеткен болатын. Шамамен кешкі сағат 18.15-те оның денесі лай үйіндінің астынан табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969375-bozymbaev-tekelide-lai-koskininen-zardap-sekkenderge-baspana-beriledi/

pixel