Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" халықаралық бағдарламасына құжат қабылдау қашан басталады

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде 23 мамырда "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Ал тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінген.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылады. Осыған байланысты "Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60 пайызға дейін ұлғайтылды", - деді БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

"Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады:

  • кешенді тестілеу;
  • тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу;
  • шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Осы ретте "Болашақ" бағдарламасының ресми сайтында басымдық берілетін мамандықтар тізімі, ұсынылатын университеттер тізімі және қажетті құжаттар тізімі жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969629-bolasaq-xalyqaralyq-bagdarlamasyna-quzat-qabyldau-qasan-bastalady/

pixel