Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік оқушы әлемнің 34 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды

Опубликовано:

студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі "Білім-Инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы Мирас Сейілхан АҚШ, Ұлтыбритания Италия, Австралия сынды әлемнің 34 еліндегі жоғарғы оқу орнынан оқуға шақырту алды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мирас Сейілхан - мектебінің президенті әрі bild PRESS және BIL VOLUNTEERS сияқты жобалардың негізін қалаушы.

Мирастың сөзінше, ол әрдайым беделді шетелдік жоғарғы оқу орнына түсуді армандаған. Сөйтіп арманын жүзеге асыру үшін яғни, шетелдік оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сыныптан бастаған.

Тыңбай ізденісінің арқасында ол ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық тесттен (IELTS) - 8.0 балл, Duolingo тестінен - 135 балл жинаған. Бұдан бөлек Мирас 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазып, үздік нәтиже көрсеткен.

Осыдан кейін бозбала әлемдік ЖОО-ға құжатын жіберіп, 34 жоғарғы оқу орнынан оқуға шақырту алған. Олардың арасында 12 америкалық, 5 британиялық, 5 канадалық, 1 испаниялық, 4 австралиялық және тағы басқа елдің жоғарғы оқу орындары бар.

Қазір Мирастың таңдауы Colgate University, London School of Economics және Ithaca College сынды бірнеше университетке түсіп тұр.

Мирас Сейілхан қаржы мен экономика саласын зерттеуді жоспарлап отыр. Оқуын бітіргеннен кейін Қазақстанға оралып, елдің дамуына үлес қоспақ.

Сонымен қатар Мирас сөз соңында өзінің осындай нәтижеге жетуіне үлес қосқан ұстаздарына алығыс айтты.

"Ұстаздарыма алғысым шексіз. Олардың еңбегі зор. Атап айтқанда, мені IELTS емтиханына дайындаған Дұғат пен ағам Нұрбек ағаларыма ризашылығымды білдіргім келеді", - дейді Мирас Сейілхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969781-symkenttik-oqusy-alemnin-34-zogargy-oqu-ornynan-saqyrtu-aldy/