Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 5 жасар қыз баланың денесі қоқысқа неге тасталғаны анықталды

Опубликовано:

Қоқыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 5 жасар қыз баланың денесі қоқысқа неге тасталғаны анықталды. Аталған жайтқа қатысты полиция бүлдіршіннің 20 жастағы анасы мен анасының 21 жастағы ағасынан жауап алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүлдіршіннің нағашы ағасының сөзінше, ол кішкентайды молаға апарып жерлемек болған. Жас жігіт анасы жерленген зиратқа бара жатып, кенет санасын қорқыныш билеп, баланың мүрдесін сол жердегі жарға тастап кеткен.

"Ағасы мәйітті қоқыс алаңына тастап кеткен себебін түсіндірді. Айтуынша, денені молаға апара жатқан. Түн уақыты болған. Түн болған соң әрі қарай жүруге қорықтым дейді. Ішінде біреу көріп қоя ма деген үрей болғанын айтады. Сол себепті баладан тезірек құтылуды ойлаған. "Үлкен жарды көрдім, сол жерге тастап кеттім" дейді. Сөзіне сенсек, бала айы-күні жетпей, толық жетілмей туған.

Сол оқиғаның алдында кішкентай үш күн бойы ауырған. Бірақ анасы да, ағасы да ешқайда хабарламаған. Үш күн ауырса да, баланың ауырғанын ешкімге айтпай, баланың қайтыс болғанын күтіп жатқандай болған", - дейді Сарқан ауданы прокурорының орынбасары Еділ Қорғанбаев.

Қазақпараттың дерегінше, анасы қызын өлтірмегенін, қызының ауырып көз жұмғанын айтқан. Дегенмен ол полицияға баласының мүрдесі қоқысқа тасталғанын білмедім деп жауап берген.

Келіншектің өзі тұрмыс құрмаған. Жақында екінші баласын босанған. Олардың ата-анасы (келіншек пен ағасының-ред.) марқұм болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар қыз баланың денесі қоқыстан табылғаны хабарланған еді.

Көп ұзамай полиция бүлдіршіннің анасының жеке басын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970194-almaty-oblysynda-5-zasar-balanyn-denesi-qoqysqa-nege-tastalgany-anyqtaldy/

pixel