"Тек әйелін кіргізеді": Ауруханада емделіп жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы қалай
Жарияланған күні:
Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының денсаулық жағдайы қалыпты. Бұл туралы музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қырықбайұлы экс-министрдің аяғына ота жасалғанын еске алды.
"Тек әйелін кіргізеді. Оның сөзінше, негізінен жағдайы қалыпты, бірақ (жоғары – ред.) дене қызуы мен қан қысымы әлі де бар. Былай бәрі жаман емес. Бірақ мен қашан шығаратынын айта алмаймын", - деді ол NUR.KZ тілшісіне.
Қырықбайұлы бастығына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түрде тергеу бастағанын растады.
"Олардың (тергеу әрекеттері - ред.) басталып кеткенін жоққа шығара алмаймыз. Алайда 25 мамырға дейін олардың шешіміне шағымдануға бізде уақыт бар.
Қазіргі уақытта Ұлттық музей осымен айналысуда: оларға (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің қызметкерлеріне - ред.) барлық құжаттар мен ақшаның орнында екенін, ешкім ештеңе ұрламағанын көрсетпек.
Бүгін (мұражайдың – ред.) қызметкерлері – 100-ден астам адам осы заңсыздықты тоқтату үшін араласуын сұрап, президентке хат жолдады", - деп сөзін қорытындылады ол.
Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ 16 мамырда музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханада жатқаны белгілі болды. Сол арада Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болды деген ақпарат та тарады.
Алайда Ұлттық музейдің баспасөз қызметі бұл хабарды жоққа шығарып, ол аяғын емдету үшін ауруханаға жатқанын алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970343-tek-aielin-kirgizedi-auruxanada-emdelip-zatqan-arystanbek-muxamediulynyn-zagdaiy-qalai/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.