Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Фото: Instagram/Қайрат Құдайберген

Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу соты тиісті өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарған.

"Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Қамауда ұстау мерзімі 2022 жылғы 21 маусымға дейін ұзартылды", - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Көп ұзамай Алматы прокуратурасы аталған мәліметті растады.

Кәсіпкер қаңтар айында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілініп отыр.

Кейінірек тергеу соты Құдайбергенді 30 күнге қамауға алу туралы шешім шығарғаны белгілі болды.

Қайрат Құдайбергеннің қорғаушылары бұлтартпау шарасын бас бостандығынан айырумен байланысты емес, яғни кепіл немесе үйқамаққа өзгертуді сұраған болатын. Алайда судья шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970346-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/

pixel