Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сүйіктісімен айырылғанға көндіге алмаған ер адам жиһаз бен тұрмыстық техниканы балконнан лақтырған

Опубликовано:

көңіл күйі онша емес
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда ашуға булыққан тұрғын 4-қабаттың балконынан жиһаз және тұрмыстық техника сынды заттарды далаға лақтырған. Ер адамның бұл әрекетін түсіне алмаған тұрын полцицияға шағымданған деп, жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оларға көршілердің бірі қоңырау шалған.

Айтуынша, төртінші қабаттың балконынан әлдекім киім, кілем, кресло мен тұрмыстық техника сынды заттарды лақтырған.

"Бұл жағдай күндізгі уақытта болған. Аулада көп адам, соның ішінде балалар жүрген. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ауладағы бақша ішінен жерге лақтырылған мүліктерді тапқан.

Полицейлер тәртіп бұзған ер адамның пәтеріне көтерілген және ол жабырқаулы күйде болған", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Құзырлы органның дерегінше, ер адам полиция қызметкерлеріне мұңын шаққан. Айтуынша, жақында бірге тұратын сүйіктісімен айырылысқан. Содан бері өзін қоярға жер таппай жүрген көрінеді.

Десе де полицейлер көршілердің тыныштығын бұзған ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне өткен демалыс күндері төбелеске қатысты 35 хабарлама келіп түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970743-pavlodarda-suiiktisimen-aiyrylganga-kondige-almagan-er-adam-zihaz-ben-turmystyq-texnikany-balkonnan-laqtyrgan/

pixel