Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазғы мектептердің жұмысы қашан басталады: БҒМ сауалға жауап берді

Опубликовано:

Қалам ұстаған студент
Көрнекі фото: piqsels.com

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жазғы мектеп пен емтихандарға қатысты көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарамбаев биыл соңғы қоңырау шарасын өткізгенде аспанға шар ұшыруға болмайтынын ескертті. Мектеп оқушыларына қайырымдылық акцияларын, оның ішінде "мектепке кітап сыйлау", "мектеп ауласын гүлдендіру", "туған жерге тағзым" сияқты акцияларды өткізу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ ол мектеп бітіру кешіне, мектепте жөндеу жүргізуге ақша жинауға рұқсат етілмейтінін атап өтті.

"Бұған тыйым салынған, ондай іс-шараларды өткізуге болмайды, ақша жинау жағдайы анықталып жатса, жергілікті білім беру басқармаларына, білім бөліміне шағымдануға болады", - дейді ол.

Осы ретте ведомство өкілі мектеп оқушылары үшін емтихандар қашан өтетініне де тоқталды.

"9 сынып емтихандары 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді, олар төрт пән бойынша емтихан тапсырады. 11 сыныптар үшін 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді, олар бес пән бойынша емтихан тапсырады. Төрт пән жазбаша, бір пән (Қазақстан тарихы) ауызша өтеді", - дейді Қарамбаев.

Сонымен қатар Қарамбаев жазғы мектептердің жұмысы қашан басталатынын айтып берді.

"Жазғы мектептер өткен жылдан бастап ұйымдастырылып отыр. Мақсат - оқыту сапасын арттыру, пандемия кезінде болған олқылықтардың орнын толтыру. Биыл жазғы мектептер 26 мамырдан 17 маусымға дейн әр мектепте ұйымдастырылатын болады. Оған 1-8 жане 10 сынып оқушылары өзінің, ата-анасының қалауымен қатыса алады", - деді Қарамбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970952-zazgy-mektepterdin-zumysy-qasan-bastalady-bgm-koptin-oiyndagy-saualga-zauap-berdi/

pixel