Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент 1032 оқушымен домбыра сабағын өткізген Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен ауқымды домбыра сабағын өткізген Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, олардың авторларын анықтауға атсалысып келесіз. Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті еңбектеріңіз қазіргі таңда музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. 

Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени іс-шара Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін", – делінген алғыс хатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордададағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 1032 оқушы қатысқан домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілетінін жазған едік.

Оқушылар сабақ барысында "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды танымал күйлерді орындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971380-prezident-1032-oqusymen-dombyra-sabagyn-otkizgen-aitzan-toqtaganga-algys-xat-zoldady/

pixel