Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 20 жыл бұрынғы түлектер көпбалалы ана мен марқұм сыныптасының жарын қуантты

Опубликовано:

Түлектер
Созақ ауданында түлектердің көпбалалы анаға үй сыйлау сәті. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы Созақ ауданында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер көпбалалы анаға 4 бөлмелі үй сыйлады. Мұндай игі іс Түлкібас ауданында да жалғасын тапты, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп – жарты ғасырдан астам тарихы бар көне білім ордасы.

Биыл аталған мектептің 2002 жылғы, яғни 20 жыл бұрынғы түлектері 5 бес бала өсіріп, тәрбилеп отырған Гүлжанат Қыдырбаевамен оның жұбайына 4 бөлмелі үй сыйлаған.

Әр тарапта жүрген түлектер бірлесіп, үйдің ішін қажетті жиһазбен де қамтамасыз еткен.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің айтуынша, бұл ауданда жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр.

"Бірнеше жылдан бері түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі қалыптасты. Алдағы жылы да жалғасады деп сенемін", - дейді ол.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, мұндай игі дәстүр Түлкібас ауданында 15 жылдан бері жалғасын тауып келеді.

Мәселен, аудандағы Абай мектеп-лицейінің және Б.Садықов жалпы орта мектебінің 2002 жылғы түлектері бірге оқыған сыныптас достың соңында қалған жарына аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөлеген.

Үйдің лентасын қиып жатқан сәт
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуі өмірден өткен Айкерім Сыздықова осы уақытқа дейін үш перзентімен жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Бұны естіген жұбайының сыныптастары 20 жылдықта той тойлап, думандатқанша, өмірден өткен достың әруағына құран бағыштап, қиындыққа душар болған жарына үй сыйлауды дұрыс деп шешкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971495-turkistan-oblysynda-20-zyl-buryn-mektep-bitirgen-tulekter-kopbalaly-ana-men-marqum-synyptasynyn-zaryn-quantty/

pixel