Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім есімнен танып қала жаздадым": Семей тұрғыны өртеніп жатқан дәмханадан екі жігітті аман алып шықты

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер.
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Семей қаласының тұрғыны Дәурен Жамбаев тілсіз жаудан екі адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Хабар24.

Айта кетейік, 29 мамырда Семейдегі кафелердің бірінен өрт шыққан. Үйінің жанындағы өртеніп жатқан дәмхананы көрген Дәурен дереу өрт сөндіру қызметкерлеріне хабарласқан.

Алайда ол құтқарушылар келгенге дейін екі азаматты сыртқа өзі алып шыққан.

"Жүгіріп барып ішінде адам жоқ па деп кірсем, бір жас жігіт есінен танып құлап қалыпты. Оны далаға алып шығып, алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жиған бетте ішінде тағы адам барын айтты, бірақ өрттің ауқымы кеңейіп барады, жалын бет қаратар емес, терезе жақтан бір пердені жыртып алып ішіне кіріп кеттім, әлгі адам есікті іштен жауып алыпты.

Өзім есімнен танып қала жаздап, сыртқа шығып, ғимаратты айналып терезеге кірпіш лақтырып шақтым, екінші адам есін бірден жиғандай болды, оған көмек көрсетіп сыртқа алып шықтым. Ары қарай өрт сөндірушілер келіп өз жұмыстарын атқарды", - дейді Дәурен Жамбаев.

Айта кетейік, Даурен Жамбаев бүгінде 5 бала тәрбиеліп отыр. Ол Семей қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының қаржы-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Еске салсақ, 11 мамыр күні елордадағы Қамал тұрғын үй кешенінің 8-қабатында салбырап тұрған кішкентай қызды астанаға жұмыс істеуге келген Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиев есімді қызылордалық жігіттер құтқарып қалған болатын.

Кейін олардың ерлігі еленіп, азаматтарға елордадан пәтер берілді. Сондай-ақ Сәбит пен Сағи "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Одан бөлек қыз баланы құтқаруға қатысқан тағы бір жігіт анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971650-ozim-esimnen-tanyp-qala-zazdadym-semei-turgyny-ortenip-zatqan-damxanadan-eki-zigitti-alyp-syqty/

pixel