Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ұлан Ақтөбедегі теракт кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздың әкесіне көлік сыйлады (фото)

Опубликовано:

Досбол Сапардың әкесіне көлік табыс етілген сәт
Досбол Сапардың әкесіне көлік табыс етілген сәт: Polisia.kz

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы 2016 жылы Ақтөбедегі теракт кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесі Еркінбек Әбдіқадыровқа жеңіл көліктің кілті мен сертификатын табыс етті, деп хабарлайды polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, 27-28 мамыр аралығында Мәскеу қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтіп, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командасы қатысқан.

Аталған турнир қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алуға арналған.

Сондай-ақ турнир барысында 2016 жылғы маусымда Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде террористердің қарулы шабуылына тойтарыс беру кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың отбасына бағалы сыйлық табыстау туралы шешім қабылданған.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сөз сөйлеуде
Фото: Polisia.kz

Осылайша, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы Досбол Сапардың әкесі Еркінбек Әбдіқадыровқа жеңіл көліктің кілті мен сертификатын салтанатты түрде табыс етті.

Еркінбек Әбдіқадыровқа көліктің кілті мен сертификатын табыс етілген сәт
Еркінбек Әбдіқадыровқа көліктің кілті мен сертификатын табыс етілген сәт. Фото: Polisia.kz

Айта кетейік, Досбол Сапар бұл ерлігі үшін III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған болатын.

Еске сала кетейік, 2016 жылы маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан еді.

Шабуыл мен атыстан 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланды. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға қатысты күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971726-ulttyq-ulan-erlikpen-qaza-tapqan-sarbazdyn-akesine-avtokolik-syilady/

pixel