jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

1 маусым күні Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Автобус
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

1 маусым күні Алматыда балалар қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы қала әкімдігі өзінің ресми Facebook парақшасында хабарлады.

"Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 16 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) жүру тегін болады",- делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, Алматыда "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станциялары іске қосылды. Енді жолаушылар ағыны екі есе артып, тәулігіне 85 мыңнан астам адам қатынайды деп күтілуде.

"Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе біз күтіп отырған жолаушылар ағынының, 50 мыңнан 85 мыңға дейін өсуінде ғана емес. Қала барынша жайлы болады, бәрімізді толғандыратын трафик, экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз", - деді Ерболат Досаев.

1 маусым күні Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.