jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда 1 маусымда тегін тамақ пен сусын таратыла ма: Қала әкімдігі жауап берді

Тамақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған "Халықаралық балаларды қорғау күніне орай" тегін тамақ пен сусын таратылады" деген ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таралып жатыр. Аудиохабарламада 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар өтетін орындарда әкімдіктің балаларға тамақ, сусындар, тәтті тағамдар мен ойын-сауық қызметтерін тегін таратуды ұйымдастыруға ақша бөлгені туралы жалған ақпарат тараған", - деді ведомстводан.

Осы ретте Алматы әкімдігі бекітілген іс-шаралар тізімі ведомствоның ресми сайтында жарияланғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған болатын.

Президент өз құттықтауында "өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі" екенін баса айтты.

Алматыда 1 маусымда тегін тамақ пен сусын таратыла ма: Қала әкімдігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.