"Отставкаға кетуге дайынмын": Дәурен Абаев Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша пікір білдірді
Жарияланған күні:
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев министрлер кабинетінің отырысынан соң сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Дәурен Абаев Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Сұрақ маған арналмаған. Біздің қызметкерлерге қатысты қандай тергеу жүргізіліп жатқанын мен қайдан білемін? Әдетте бұндай ақпарат айтылмайды ғой. Мен әріптесім туралы (Арыстанбек Мұхамедиұлы – ред.) сұрақтан қашпаймын. Мен қазір жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді қорғаймын. Мұхамедиұлына қатысты айтсақ, тергеу жүргізіліп, сот өз үкімін шығарады деп ойлаймын", - дейді министр.
Сондай-ақ Дәурен Абаев Ұлттық музейдің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдік расталса, қызметінен кете ме деген сұраққа да жауап берді.
"Егер бұл іс менің тұсымда болса, онда мен отставкаға кетуге дайынмын. Оның қашан болғаны туралы сұрақты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіне қою керек", - дейді Мәдениет және спорт министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлаған еді.
Ведомствоның мәліметінше, қазір Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972026-otstavkaga-ketuge-daiynmyn-dauren-abaev-arystanbek-muxamediulyna-qatysty-is-boiynsa-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.