Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор: Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: gov.kz

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Антикордың мәліметінше, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Олар "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын (146 миллион теңге сомасында) жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінген.

"2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп қосты агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство тергеу жалғасып жатқанын, тергеу мүддесінде байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Елордалық соттың дерегінше, Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынған.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты А. Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабардар етті соттан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971502-antikor-arystanbek-muxamediulyna-qatysty-kuzetpen-ustau-bultartpau-sarasy-tandaldy/

pixel