jitsu gif

Найзағай, дауыл, жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің дерегінше, 31 мамыр-2 маусым аралығында Алматы облысының тау және тау етегіндегі аудандары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

2 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында 2 маусымда күннің соңында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында 2 маусымда күннің соңында найзағай, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді деп болжануда.

2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

2 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

2 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғуы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

2 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

2 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп болжануда.

Найзағай, дауыл, жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.