jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Нұр-Сұлтанда референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысты

Дауыс беру
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласында референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

№42 тіркеу учаскесіне арнайы өтініш берген Гүлсім Ахметжанова – І топ мүгедегі. Еліміздегі маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады.

дауыс беру
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

"Осы уақытқа дейін көп жыл дәрігер болып жұмыс істедім. Қазір денсаулығым мәз емес. Бірақ референдум күні 5 маусым деп белгіленгенде жолдасыма өтініш жазуды тапсырдым. Себебі дауыс беруден қалыс қалғым келмеді. Осылайша, үйдің қасындағы №42 учаске комиссиясы арқылы дауыс беріп отырмын", - деді ол.

Дауыс беру
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 жылдан бері ауырып, көру қабілеті нашарлаған Бифатима Бауыржанова да өз таңдауын жасағанына қуанып отыр.

дауыс беру
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

"Бұрын мұғалім болып қызмет еттім. Бүгінгі іс-шара халық үшін маңызды. Сол үшін арнайы комиссияға өтініш жаздық. Дауыс бергеніме қуаныштымын. Елімізде тыныштық болғай!" - деді ол.

дауыс беру
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Нұр-Сұлтанда референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.