Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

Опубликовано:

дауысты санауға кіріскен қызметкерлер
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Арнайы брифинг кезінде Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда елімізде өткен ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық референдум комиссиясың дерегінше, дауыс беруге жалпы 7 986 293 адам қатысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша:

  • Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдап 77,18 пайыз яғни, 6 163 863 адам дауыс берген.
  • Конституциялық түзетулерге қарсы 18,66 пайыз немесе 1 490 475 адам дауыс берген.
  • Екі нұсқаны да таңдағандар 1,58 пайыз - 125 859 адам.
  • Ал бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған.

Айта кетейік, бұған дейін шетелде дауыс беру бойынша учаскелер толықтай жабылғанын хабарлаған едік.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95 пайызды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972726-nurlan-abdirov-referendumnyn-aldyn-ala-qorytyndysyn-zariyalady/

pixel