jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Бір күні адам жейді": Ақтөбе облысында қаңғыбас иттерден қорыққан ауыл тұрғындары мәселені шешіп беруді сұрап отыр

иттер
Фото: Әйтеке би ауылының тұрғындарынан

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында ауыл тұрғындары қаңғыбас иттердің малға шабуы көбейіп кеткенін айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұрғындар малдарын өріске жіберуден қорқып қалғанын айтады. Сондықтан олар үкіметтен қаңғыбас ит мәселесін шешіп беруді сұрап отыр.

"Ауылда мал ұстап отырған жандар үшін қаңғыған ит қасқырдан кем болмай тұр. Қозы, қой, бұзауға шауып, ұсақ малды жарып кетуде. Бір күні адам жейді", - дейді Жұмабай есімді Әйтеке би ауданының тұрғыны.

Ал жергілікті әкімдік бұл мәселеге келгенде шарасыз екенін, себебі заң бойынша иттерді атуға болмайтынын жеткізді.

"Осы мәселеге қатысты ауыл әкімін, жергілікті полицияны шақырып, жиналыс өткіздім. Қазір қаңғы иттерді жинап, сыртқа шығарып тастау мәселесін қарап жатырмыз. Себебі, қазіргі заңға сай атуға болмайды. Ауданымыз жол бойында орналасқандықтан өтіп бара жатқандар күшіктерді қапшықпен әкеліп, ауыл жанына тастап кетеді. Күшіктер өсіп, қаңғыбас иттер көбейіп бара жатыр. Алдында екі бұзауға шапқан. Оның алдында өрістен қайтқан малға жүгірген. Адамдар болып, тірі қалған. Қаңғы ит мәселесінің шешілмеуі қиындықтар әкеліп отыр", - дейді Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

Тұрғындар мәселе тек Әйтеке би ауданында емес, мал өсіріп отырған барлық ауыл тұрғындары иесіз иттерден үрейленіп отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 13 жастағы оқушы қызды бұралқы иттер талап тастаған болатын.

"Бір күні адам жейді": Ақтөбе облысында қаңғыбас иттерден қорыққан ауыл тұрғындары мәселені шешіп беруді сұрап отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.