Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

6 маусымда Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Екібастұз басшысының орынбасары Бауыржан Ахметов, сондай-ақ ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Садықов және осы бөлімнің бас маманы Түсіпбековке қатысты істі қалалық сот қараған.

"Жоғарыда аталған адамдар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал Түсіпбеков пен Садықов 7 және 6 жылға темір торға тоғытылды.

"Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972853-ekibastuz-qalasy-akiminin-orynbasary-para-algany-usin-sottaldy/

pixel