Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлсайда аланымен бірге жүрген қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Опубликовано:

Қар барысы
Қар барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалды. Кадрды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұлттық парктің мәліметінше, "Қызыл кітапқа" енген жыртқыш бұған дейін де бірнеше рет фототұзаққа түсіп қалған.

Айта кетейік, елімізде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде олардың саны 7 мыңнан аспайды. Ал "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінде 16 қар барысы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973048-kolsaida-qar-barysy-alanymen-kameraga-tusip-qaldy-video/

pixel