Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

41 градус ыстық: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Гүлдер
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, 8 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Онтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз 35 градус қатты ыстық болуы ықтимал.

8 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде, шығысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

8 маусымда Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

8 маусымда Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

8 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

8 маусымда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

8 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 8 маусымда Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

8 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады.

8 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз 8-9 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл тұруы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973057-41-gradus-ystyq-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel