Қазақстандық оқушылар үш сағатта робот құрастырып, халықаралық байқауда жеңімпаз атанды (фото)

Опубликовано:

робот машина
Жеңімпаз оқушылар. Фото: Ерасыл Қайыповтың архивінен

Қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық компьютерлік жобалар байқауы кезінде үш сағатта робот құрастырып шығып, бірінші орын алды. Жеңімпаздар қатарынан көрінген шымкенттік Ерасыл Қайыпов жеңіске қалай жеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Infomatrix-Asia" деп аталатын халықаралық байқауға көптеген мемлекеттен 365 жас өнертапқыш қатысқан. Байқауда оқушылар алты бағыт бойынша жоба ұсынған. Ал отандық жас өнертапқыштар Robotics Computer бағыты бойынша жеңіске жеткен. Шымкент қаласындағы "Білім-инновация" мектебінің 10-сынып оқушысы Ерасыл Қайыповтың айтуынша, оның командасы жарысқа бірнеше апта бойы әбден дайындалған.

"Біз бұл жарыстың болатынын бір ай бұрын білдік. Бірнеше апта бойы Arduino USB базалық платформасы арқылы робот машина құрастырып, байқауға дайындалдық. Бұл жеңіс біздің командамызға тынымсыз еңбектің арқасында келді.

Жарыста тапсырманы орындауға 5 сағат уақыт берілді, бірақ біз 3 сағатта робот машинаны құрастырдық. Роботымыз тік төртбұрыш аренада әр бұрышта тұрған заттарды алып, ортадағы сары шеңберге қояды. Оны Bluetooth-модуль арқылы телефондағы қосымшаның көмегімен басқарамыз, белгілі бір градуста қисайта аламыз.

Байқауда 1-орын алғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндай жарыстар бізге өзге мемлекеттің бағдарламалауға қызығатын жас өнертапқыштарымен танысуға, тәжірибе алмасуға көмектеседі", - дейді ол.

Аталған байқау 6-7 маусым аралығында Сулейман Демирель атындағы университетте өткен. Шараны IT саласының маманы Исмаил Гесан ұйымдастырып отыр. IT саласы бойынша қабілеті балалар бақ сынасатын байқау биыл 8-ші мәрте өткен. Ал балалардың жұмысын Google, Facebook сияқты әлемдік компанияларды жұмыс істейтін мамандар бағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973239-qazaqstandyq-oqusylar-us-sagatta-robot-qurastyryp-xlyqaralyq-baiqauda-zenimpaz-atandy-foto/

jitsu gif