"АрселорМиттал Теміртау" цехында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көмек көрсетіледі

Опубликовано:

"АрселорМиттал Теміртау" Ақ
Фото: Sputnik Қазақстан

"АрселорМиттал Теміртау" цехында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

"Бүгін, 10 маусым күні "Құрылысмет" ЖШС мастерпресс цехында жазатайым оқиға болып, "АрселорМиттал Теміртау"АҚ төрт қызметкері қаза тапты. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының Орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы тұрақты.

Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр.Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазылған компания хабарламасында.

Еске салайық, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адамның өліміне әкеп соққан оқиға жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болған еді. ТЖ салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жатқызылды.

Көп ұзамай өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдайдан аман қалған 1994 жылғы азаматтың жағдайы туралы айтты.

Аталған жайтқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі ("Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша қозғалды.

Мемлекет басшысы аталған жайтқа қатысты үкіметке тапсырма беріп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973631-arselormittal-temirtau-cexynda-qaza-tapqan-zumyssylardyn-otbasyna-komek-korsetiledi/

jitsu gif