Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда тұратын қазақ отбасы әдемі ұлттық киім үлгісімен елді тәнті етті

Опубликовано:

Кәусар
Видеодан кадр: Instagram/qaramanuly

Ұлттық киім үлгісімен Лондон тұрғындарын тәнті еткен қазақ отбасының видеосы желіде қызу талқыланып жатыр. Ұлыбританияда тұрып жатқан Кәусар есімді оқушы қыз мектебінде өткен "Ұлттар күні" іс-шарасына шашын қос бұрым етіп өріп, үкілі тақия, көйлек және қамзолын киіп барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазбаны желіге Кәусардың әкесі, қазақстандық журналист Ғалымжан Қараманұлы жүктеді. Оның сөзінше, қызының шашын қос бұрым етіп өзі өріп берген.

"Кәусардың мектебінде Ұлттар күні ұйымдастырылды. Қазақ халқының үкілі тақиясын, қамзолын және көйлегін киіп, шашбауын тағып бардық.

Кәусар - көп ұлтты мектебіндегі жалғыз қазақ қызы. Бейтаныс кісілер қай мемлекет деп сұрап, тамсанып жатты", - дейді ол.

Ғалымжан осылайша шетелде Қазақстанды насихаттауға кішкене болса да үлес қостық деп санайды.

Бұл видео желі қолданушыларын да тәнті еткен.

"Қандай керемет көрініс! Кәусар да сүп-сүйкімді️. Басқаларға қарағанда киімі де өзіне жарасып тұр", "Қызыңыз да, көйлекте өте әдемі. Шашын өріп берген папасы одан да керемет", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Айта кетерлігі, Кәусардың әкесі Ғалымжан Қараманұлы қазақстандық БАҚ-тың Лондондағы тілшісі, қазір жұмыс бабымен уақытша сонда тұрып жатыр. Ал Кәусар көпшілікке Балапан телеарнасы арқылы жақсы таныс. Ол телеарнала кішкентай көрермендерге ағылшын тілін үйрететін бағдарламаны жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974680-londonda-turatyn-qazaq-otbasy-ademi-ulttyq-kiim-ulgisimen-eldi-tanti-etti-video/

pixel