Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы спецтехпаркинг сервис" директорын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Алматының тергеу соты "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбековті қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы тергеу сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар соттың баспасөз қызметі бұл қаулының әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Алматы спецтехпаркинг сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры екі айға қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар AlanParking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған еді. Компаниялар Алматыдағы ақылы тұрақтарды қадағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975028-almaty-spectexparking-servis-direktoryn-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/

pixel