Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін

Жарияланған күні:

Шегіртке
Видеодан кадр: КТК арнасы

Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Ведомсвто әсіресе Әйтеке би ауданы зиянкестердің отанына айналады деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстан бойынша фитосанитарлар 760 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіпті. Жердің басым бөлігі Әйтеке би ауданына тиесілі. Салалық орган егістікті отайтын зиянкестермен барынша күресіп жатыр.

"Қазіргі таңда үлкен қаупі бар, бұл – Ақтөбе облысы. Біздің назарымызды алаңдатып отырған осы өңір. Жақында Әйтеке би ауданында мәжіліс өткізіп, техниканың дайындығын қарап, штаб отырысын өткіздік.

Республика бойынша біз 760 мың гектар жерді өңдесек, соның тек бір ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 212 мың гектар жер өңдейміз. Біз үшін үлкен жұмыс",- деді АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

Телеарна дерегінше, биыл шегірткеге қарсы күреске екі жарым миллиард теңге жұмсалады. Керек-жарақтың бәрі алынып, жұмыстар басталып кеткен. Алайда зиянкестердің таралу аумағы 2018 жылмен салыстырғанда едәуір қысқарыпты. Мамандар сондай-ақ, Қытай, Ресей, Өзбекстаннан жылда көшіп келетін шегірткелердің биылғы маусымда аса байқалмағанын айтады. Оған бір жағынан жүргізілген зерттеулер нәтиже бергенге ұқсайды.

Бүгінде шегірткемен күрес жұмыстары субсидияланады. Жергілікті бюджеттен қыруар ақша бөлініп келеді. Алайда, бұл жұмыстар шаруаларды шаршатқан сыңайлы. Олар "Атамекен" палатасымен бірігіп, екі жыл бұрынғы жүйені қайтаруды сұрап отыр. Яғни, алдағы жылдары шегірткемен күрес шаралары қайтадан тұтастай мемлекеттің құзырына берілуі мүмкін.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, биыл Атырауда қалалық бюджеттен масаны улауға бұрын-соңды болмаған 130 миллион теңге қарастырылған. Алайда қаптаған маса атыраулықтарды әбден мезі еткен. Қансорғыштарға таланған тұрғындар әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975119-aqtobe-oblysynda-qara-segirtke-qaptauy-mumkin/