Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тұңғыш рет: NUR.KZ iOS-смартфондарға арналған инновациялық виджетті іске қосты

Опубликовано:

Елімізде тұңғыш рет: NUR.KZ iOS-смартфондарға арналған инновациялық виджетті іске қосты
Көрнекі сурет: NUR.KZ

NUR.KZ маңызды жаңалықтардан хабардар ету және оқу процесін жеңілдету үшін iOS-қа арналған виджетті іске қосты. Енді қазақстандық БАҚ оқырмандары елдегі және әлемдегі оқиғалар туралы осы виджет арқылы бірінші болып біле алатын болады. Соңғы жаңалықтардың тақырыбы автоматты түрде смартфонның жұмыс үстеліне шығып отырады.

Виджет не үшін қажет

Өз оқырмандарына ақпаратты жедел жеткізіп, ыңғайлы бола түсу үшін NUR.KZ ақпараттық технологиялардың барлық артықшылығын пайдаланады. NUR.KZ-тің жаңа виджеті — iOS базасындағы мобильді құрылғылар үшін утилита. Дәл осындай виджет Android қолданушылары үшін де қолжетімді. Бұл соңғы жаңалықтардан хабардар ететін негізгі қосымшаға толықтыру түрінде жасалған арнайы қызмет. Соңғы екі жаңалықтың тақырыбы смартфонның жұмыс үстелінде шағын терезе арқылы шығып тұрады. Қолданушы өзіне қажетті жаңалықты ашып, оны қосымшада оқу үшін виджеттің үстінен шертуі керек.

Осылайша сіз жаңалық іздеуге уақыт кетірмей-ақ, Қазақстан мен әлемде болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отырасыз. Жағымды әрі жалықтырмайтын дизайнда жасалған виджеттің көмегімен жаңалықты оп-оңай ашып, ал қажет емес болса, жиырып қоюға болады.

Виджетті қалай орнатуға болады?

Виджет iOS 14 немесе одан кейінгі нұсқалар үшін қолжетімді. Ол AppStore-дағы фирмалық қосымшамен бірге жүктеледі.

Виджетті iOS базасындағы смартфонға келесі жолмен жүктеуге болады:

  1. NUR.KZ қосымшасын орнатыңыз немесе орнатылған болса, оны жаңартыңыз. Ол үшін AppStore-дан NUR.KZ қосымшасын тауып, "Жаңарту" батырмасын басыңыз.
  2. iPhone-ның басты бетін ашып, солға қарай виджеттер тұрған қосымша бетке дейін парақтаңыз.
  3. Төмендегі "Өзгерту" батырмасына дейін айналдырып, батырманы басыңыз.
  4. Жоғары жаққа қайта барып, оң жаң бұрышта тұрған "+" батырмасын басыңыз.
  5. Іздеу жолағына NUR.KZ деп жазып, виджетті таңдаңыз.
  6. "Виджетті қосу" батырмасын таңдаңыз.

iOS базасындағы виджет

iOS базасындағы виджет: NUR.KZ

iOS-тың кей нұсқаларында виджетті былай іске қосуға болады:

  1. NUR.KZ қосымшасын жүктеңіз немесе оны жаңартыңыз.
  2. Қосымшалар орналасқан жұмыс үстеліндегі бос жерді басып, ұстап тұрыңыз.
  3. Экранның жоғарғы жағында пайда болған "+" белгісін басыңыз.
  4. Іздеу жолағына NUR.KZ деп жазып, виджетті таңдаңыз.
  5. "Виджетті қосу" батырмасын басыңыз.

Виджет қосылды. Енді сіз оны экрандағы кез келген орынға жылжытсаңыз болады.

Қалай қолдануға болады

Виджет соңғы екі жаңалықтың тақырыбын шыққан бойда жаңартып көрсетеді. Жаңалық туралы толығырақ білгіңіз келсе, тақырыпты басыңыз, сонда қосымшадағы мақала терезесі ашылады.

Мақаланың астында жаңалыққа қатысты басқа оқырмандардың пікірін оқуға арналған "Пікірлер" батырмасы, мақаланы әлеуметтік желілерде бөлісуге арналған "Бөлісу" және мақаланы кейінірек оқу мақсатында бетбелгі қоюға арналған "Сақтау" батырмалары орналасқан. Төменде "Тағы да оқыңыз" блогы бар, әрі қарай жылжытсаңыз, басқа да тың жаңалықпен таныса аласыз.

Виджеттегі NUR.KZ логотипін бассаңыз, қосымшаның басты беті бірден ашылады.

NUR.KZ үшін оқырмандардың Қазақстанға және бүкіл әлемге қатысты шұғыл жаңалықтарды жедел түрде біліп отырғаны маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975174-elimizde-tungys-ret-nurkz-ios-smartfondarga-arnalgan-innovaciyalyq-vidzetti-iske-qosty/

pixel