jitsu gif

5 облыста қатты ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 28 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен бүгін де Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Мәселен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста бұршақ, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Одан бөлек күндіз Абай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болмақ.

Сонымен қатар Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.

 

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.