Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: Шілде айының басында елімізде ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК шілде айының басында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

1 шілде күні шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшейеді деп күтілуде.

Одан бөлек мамандар еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күн салқындайды деп болжап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК шілде айының басында Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында құрғақшылық болуы мүмкін екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976158-zanbyr-bursaq-dauyl-silde-aiynyn-basynda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel