jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Атырауда жоғалған ақ көйлектегі қыз табылды

жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда 27 маусым күні үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып, хабарсыз кеткен 12 жастағы қыз табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2010 жылы туған жасөспірім 29 маусым күні сағат 18.00-де табылған.

Ол ата-анасымен бірге Атырау полиция бөліміне жеткізілген.

Оқушы қыздың айтуынша, осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болып, туыстарына ескертпеген. Іздеу жұмыстары тоқтатылған. Бұл факті бойынша тексеріс жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін 12 жастағы Атырау тұрғыны 27 маусым күні сағат 19:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Оның жоғалғаны туралы ата-анасы 28 маусым күні түстен кейін полицияға хабарлаған.

Туыстары мектеп оқушысының әдетте спорттық киім мен кроссовка киетінін, ал сол күні кенет ақ көйлек киіп шыққанын айтқан болатын.

Атырауда жоғалған ақ көйлектегі қыз табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.