jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Нұр-Сұлтанда қала күніне орай "Елорда Бәйгесі" өтеді

Бәйге
Фото: gov.kz

6 шілде күні "Қазанат" атшабарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен қала күніне орай бәйге түрлерінен "Елорда Бәйгесі" республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бәйге сайысында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 150-ден астам таңдаулы жүйрік сынға түседі.

Шабандоздар 9 шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан және 21 шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түседі. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 000 000 теңге.

Бәйге
Фото: gov.kz

Бәйге бағдарламасында "Нұр-Сұлтан қаласы Кубогіне арналған Қостанай жылқысының бәйгесі" республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай мәлім етті.

Бәйге
Фото: gov.kz
"Елордада өтетін Қостанай жылқысы бәйгесі биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазақтың қазанаты саналатын Қостанай тұқымды жылқылары ұшқыр (1,4 км, 2,4 км), құнан (7 км) және аламан бәйге (20 км) түрлері бойынша бақ сынайды. Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 9 миллион теңге", - дейді Рахат Жақсыбай.
Бәйге
Фото: gov.kz

Қаржы 1-5-орын аралығындағы жүлдегерлерге беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау жарыс аяқталған соң жүргізіледі.

Бәйгенің басталу уақыты – 10:00-де.

Нұр-Сұлтанда қала күніне орай "Елорда Бәйгесі" өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.