Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзақтығы 55 минут болсын": Асқар Жұмаділдаев қазақ тойларын сынға алды

Опубликовано:

Асқар Жұмаділдаев
Видеодан кадр: Youtube/Qasqa Jol

Белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев қазақ тойының ұзақтығын қысқарту қажет деген ұстанымда. Бұл пікірін ол Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Академик Асқар Жұмаділдаев қазіргі тойларға қатысты ойын өзінің әр сұхбатында айтып келеді. Бұл жолы да математик қазақтың тойының қалай өтетінін сынаған. Оның пайымынша, бұрын 40 күн той жасау қалыпты болса, қазіргі тойлар ұзаққа созылмауы керек.

"Менің ойымша тойлардың ұзақтығы 50 минут болу керек. Жарайды, 55, ары кетсе 56 минут болсын. Сосын тоқтату қажет. Ал 5 сағат той деген ол сұмдық, мен шыдамас едім. Бұл қазақтың дәстүрі дегендерге айтайын: баяғыда - 100 жыл бұрын теледидар, тағы басқа технология, жұмыс болмады. Адамдар атқа мініп, қой бағып жүре берген. Еріккен. Сол себепті тойдың өзін 40 күн жасаған. Қазір аса бір бай болмаса кім 40 күн той істейді. Оған ешкімнің уақыты да жоқ", - дейді ғалым.

Академик сұхбатында жалпы той-жиынның пайдасы шамалы деп есептейтінін айтқан.

"Асабалардың "тойда шашпасаң несіне өмір сүріп, жұмыс істедің?!" дейтін сөзі бар. Ол сені ақымақ қылып отыр. Олар да фармацевт сияқты. Фармацевттер дәрілерін ұсынып, "ойбай, осыны іш, ішпесең торай болып кетесің" деп барынша өз тауарын өткізеді ғой. Сондықтан тойларға бармаймын. Той істемеймін де, істесем семинар сияқты 55 минутқа сыйғызам да қоям", - деді Жұмаділдаев.

Сонымен қатар Асқар Жұмаділдаев тойда ұзақ сөйлейтіндерді де сынаған.

"Тостқа шығып не әңгіме айта бересің? Бір нәрсені 100 рет қайталайды. Біреулер сөз бермедің деп ренжиді. Сөз берсең "ал енді не дейміз, ал енді не айтайын" деп жарты сағат тұрады. Адам алдымен өзіне кішкене қарау керек қой. Сөзді бір екі ақсақал айтсын, жетеді сонымен. Шетелдің бәрінде солай. Ақыры батыстық үлгіні алғымыз келеді ғой. Алсақ осы тәжірибесін алайық" , - дейді математик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977238-uzaqtygy-55-minut-bolsyn-asqar-zumadildaev-qazaq-toilaryn-synga-aldy/

pixel