Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"23 млн теңгесін алаяқтарға берген": Пәтерін сатқан алматылық келіншек оңбай алданып қалды

Опубликовано:

жаңа тұрғын үй
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомство өкілі Алматы қаласының тұрғыны алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтып берді. Ол пәтерін сатып, 23 млн теңгесінен айырылып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматы қаласының тұрғыны ағымдағы жылдың 13-22 маусым аралығында алаяқтардың арбауына түсіп, өз пәтерін сатқан. Сатылымнан түскен 23 млн теңге ақшалай қаражатты бірнеше траншпен алаяқтардың шотына аударған.

Алаяқтардың "қармағына түскенін" түсінген жәбірленуші 24 маусымда ғана құқық қорғау органдарына жүгінді.

Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді амалдарын жүргізуде", - дейді киберқылмыспен күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда тұрғындардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген әйелдің сотталғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Ұлттық банк телефон алаяқтарының көбейгенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977859-23-mln-tengesin-alayaqtarga-bergen-paterin-satqan-almatylyq-kelinsek-onbai-aldanyp-qaldy/

pixel