Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сатыбалды мен Боранбаевтың ісіне байланысты тың ақпараттар пайда болды

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Фото: inbusiness.kz

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Комиссия мәліметінше, ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.

"Бұл Қ. Сатыбалдыұлына, Г. Сатыбалдыға, Қ. Боранбаевқа, "ӨКМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі операторының басшыларына қатысты және басқа істер. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралармен шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тергеп-тексеру органы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы, "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамы және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтеткен.

"ӨКМ" операторы ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді, оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңілдіктеліген автонесиелеуге бағытталды", - делінген ресми ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978930-satybaldy-men-boranbaevtyn-isine-bailanysty-tyn-aqparattar-paida-boldy/

pixel