Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушы 10 тәулікке қамауға алынды (видео)

Опубликовано:

Полицейді итеріп жіберген сәт
Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Ақтауда UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушылардың бірі 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабиб Нурмагомедов Ақтуға аралас жекпе-жектен өткен Eagle FC 48 и Naiza FC 41 турниріне қонақ болып келген еді.

Әлеуметтік желіде турнир аяқталғаннан кейін Нурмагомедовтің соңынан ерген қалың жанкүйердің видеосы тарады. Одан бөлек видеодан ер адамдардың бірі полицейді итеріп жібергенін байқауға болады.

"Біздің полицейлерге обал – балағат сөз де естиді, итеріп те жібереді", – делінген Kozachkov offside Telegram арнасына жарияланған видео жазбасында.

Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство әлеуметтік желіде тараған видеоны зерделегенін, полиция қызметкерін итеріп жібергенін адамның жеке басы анықталғанын мәлім етті.

"16 шілдеде Ақтауда UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қонақ ретінде қатысқан халықаралық турнир өткен болатын. Келесі күні әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады.

Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жолданды", – деп хабардар етті құзырлы орган.

Полиция департаментінің мәліметінше, әкімшілік соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынған.

Ақтау қаласының соты сот шешімін түсіндіріп өтті.

"Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасады делінген Т-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта 2022 жылғы 17 шілдеде сағат 01-30 шамасында Ақтау қаласының 15-шағын ауданы аумағында спорттық іс-шараны өткізу кезінде күш қолдану арқылы қасақана, қоғамдық тәртіпті бұза отырып Т. есімді азаматтың күзет пен полиция қызметкерлерін елемей, күзеттегі адамға қарай ұмтылғаны анықталды. Осылайша, ол қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот жаза тағайындау кезінде істі жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді. Жеңілдететін жағдай - кінәні мойындау. Ауырлататын жағдайлар азаматтың бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылуы.

Сот қаулысымен Т. есімді азамат ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978991-xabib-nurmagomedov-qatysqan-turnirde-policeidi-iterip-zibergen-uiymdastyrusy-10-taulikke-qamauga-alyndy-video/

pixel